Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында Қарағанды қалалық «Төлеутай Ата» мешітінің имамы Айтказин Рауан Төлеубекұлымен рухани кездесу өтті.
Жиында имам «Адал еңбек – рухани байлықтың негізі» тақырыбында насихат айтып, адал еңбектің адам өміріндегі орны мен маңызына тоқталды. Сонымен бірге, еңбекқорлық пен жауапкершіліктің отбасы мен қоғамдағы құндылықтарды нығайтудағы рөлі түсіндірілді.
Кездесу соңында қызметкерлер көкейдегі сауалдарын қойып, имамнан нақты жауап алды.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты – ұжым мүшелерін адал еңбекке, ізгілікке және қоғам алдындағы жауапкершілікке шақыру болды. Қатысушылар рухани әсер алып, мұндай игі бастамалардың қоғам үшін маңыздылығын атап өтті.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі