ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай «Адалдықтың асыл үлгісі – Мұхаммед» атты рухани-уағыз дастарханы ұйымдастырылды.
Рухани шара барысында «Дін мен дәстүр» бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы жамағатқа Мәуліт айының қадір-қасиеті мен маңызы жөнінде насихат айтып, жиналған қауымды қасиетті аймен құттықтады.
Сонымен қатар «Әнет баба» мешітінің ұстазы Жүсіп Шұғайұлы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) көркем мінезі мен өнегелі өмірі жайында тағылымды уағыз-насихат жүргізді. Ұстаз өз сөзінде Мәуліт айының маңыздылығына тоқталып, Алла елшісіне (с.ғ.с.) салауат айтудың сауабы мен рухани мәнін түсіндірді.
Шара барысында жамағат құрметіне арнайы дастархан жайылып, мәуліт оқылды. Басқосуда ел мен жердің амандығы, халықтың тыныштығы мен береке-бірлігі үшін дұға жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы