Center Image
IHSAN.KZ
ТӨЛЕУТАЙ АТА МЕШІТІНІҢ АУЛАСЫНА 25 ТҮП ШЫРША ЕГІЛДІ
ТӨЛЕУТАЙ АТА МЕШІТІНІҢ АУЛАСЫНА 25 ТҮП ШЫРША ЕГІЛДІ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Игі шара барысында мешіт ауласына 25 түп шырша егілді. Көгалдандыру жұмыстарына мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы бастаған дін қызметкерлері, мешіт жамағаты, жастар мен шәкірттер белсене атсалысты.

Шараның негізгі мақсаты – мешіт аумағын көркейтіп, қоршаған ортаны таза ұстауға үндеу, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және жастарға тазалық пен көркейту жұмыстарының маңызын насихаттау.

Қатысушылар ағаш отырғызып қана қоймай, мешіт ауласын тазалап, абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстау – баршаға ортақ міндет. Осындай игі бастамалар мешіт айналасының көркеюіне ғана емес, қоғамда тазалық пен жауапкершілік мәдениетінің қалыптасуына да септігін тигізеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz