Осакаровка ауданына қарасты Молодежный кенті мешітінде жамағатқа жат діни ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мешіт имамы Рүстем Мұратұлы жамағатқа жат ағымдардың белгілері мен олардың адам санасына, отбасы құндылықтарына және қоғам тұрақтылығына тигізетін зияны жөнінде кеңінен түсіндірді.
Уағыз барысында діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығы айтылып, дін атын жамылған теріс идеологиялардан сақ болуға шақырылды. Сондай-ақ жастардың дұрыс діни бағытта білім алуы мен сенімді діни дереккөздерге жүгіну қажеттігі түсіндірілді.
Жамағатқа дәстүрлі діни құндылықтарды дәріптеп, жат әрі радикалды көзқарастардан аулақ болудың маңызы айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы