Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұйымдастыруымен «Қамқор Шарапат» салттық қызмет көрсету бағыты аясында қаладағы Жалаңтөс батыр мазарына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Игі шараның мақсаты – мазар аумағын таза ұстау, қоршаған ортаға жанашырлық танытып, тазалық мәдениетін қалыптастыру.
Шара барысында арнайы техника жұмылдырылып, мазар аумағындағы жиналған қоқыстар тазаланды. Жинақталған қалдықтар арнайы жүк көліктерімен шығарылып, аумақ ретке келтірілді.
Мұндай игі жұмыстар қорымдар мен тарихи орындардың тазалығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға және қоғам мүшелерін тазалыққа жауапкершілікпен қарауға үндейді.
Қайырымды іске атсалысқан азаматтарға алғыс білдіреміз. Тазалық – баршаға ортақ міндет.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы