Center Image
IHSAN.KZ
«НАШАҚОРЛЫҚ – ҚҰРДЫМҒА КЕТІРЕДІ» ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ
«НАШАҚОРЛЫҚ – ҚҰРДЫМҒА КЕТІРЕДІ» ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінде жамағатқа «Нашақорлық – құрдымға кетіреді» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.

Жиында мешіттің наиб имамы Тілманов Танат нашақорлықтың адам денсаулығына, отбасына және қоғамға тигізетін зияны жөнінде кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ есірткіге тәуелділіктің адам өміріне кері әсері, оның рухани және әлеуметтік зардаптары туралы айтып, жамағатты жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Уағыз барысында жастар тәрбиесіне ерекше тоқталып, салауатты өмір салтын ұстанудың, бос уақытты тиімді өткізудің және жақсы орта қалыптастырудың маңызы түсіндірілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz