Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде әйелдер жамағатына арналған кезекті дәрістер басталды.
Дәрістердің алдында тәлімгерлерге арнайы жиналыс ұйымдастырылып, білім алудың маңыздылығы мен діни білімді жүйелі түрде меңгерудің қажеттілігі жөнінде насихат айтылды.
Жиын барысында тәлімгерлердің жауапкершілігі, жамағатқа дұрыс бағыт-бағдар берудің маңызы және дәрістерді мазмұнды әрі сапалы өткізу мәселелері сөз болды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әйел жамағатының діни сауатын арттырып, пайдалы біліммен сусындату.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы