Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРҚАРАЛЫДА «ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ТІРІГЕ МІНДЕТ» АТТЫ ЗИРАТ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
ҚАРҚАРАЛЫДА «ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ТІРІГЕ МІНДЕТ» АТТЫ ЗИРАТ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлының ұйымдастыруымен «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбында зират аумағында сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Игі шараға мешіт жамағаты мен дін қызметкерлері белсене қатысып, зират басын қоқыстан тазартып, айналасын ретке келтіру және қорым аумағын абаттандыру жұмыстарын атқарды.

Сенбіліктің басты мақсаты – ата-баба рухына құрмет көрсету, зират орындарының тазалығын сақтау, сондай-ақ өскелең ұрпаққа өткенге тағзым етудің маңызын түсіндіру.

Шара барысында аудан имамы Митератбек Орынбекұлы зираттарды күтіп ұстау, марқұмдардың рухына құрмет көрсету және қоғамдық орындардың тазалығына жауапкершілікпен қарау әрбір азаматтың адамгершілік міндеті екенін атап өтті.

Осындай игі бастамалар қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастырып, бірлік пен ынтымақты нығайтуға, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz