Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің дін қызметкерлері «Ербол» кафесіне арнайы барып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әзірлеген «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі)» құжатын таныстырды.
Кездесу барысында дін қызметкерлері құдайы ас беру рәсімдерін шариғат талаптары мен ұлттық дәстүрге сай ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, ас беру кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу, қарапайымдылық пен үнемшілдік қағидаларын ұстану, дастархан мәзірін белгіленген тәртіпке сәйкес әзірлеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ құдайы астың негізгі мақсаты – марқұмға Құран бағыштап, дұға жасау, жақындарына көңіл айтып, рухани қолдау көрсету екені айтылды.
Шараның басты мақсаты – қоғамда ас беру мәдениетін қалыптастыру, орынсыз шығындар мен ысырапшылдықтың алдын алу, діни құндылықтар мен ұлттық дәстүр сабақтастығын кеңінен насихаттау.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы