Center Image
IHSAN.KZ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ АҚИДА САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ АҚИДА САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде жамағаттың діни сауаттылығын арттыру мақсатында ақида пәні бойынша кезекті дәріс өткізілді.

Сабақ барысында Ислам дінінің сенім негіздері кеңінен түсіндіріліп, қасиетті Құран Кәрімдегі мүташабиһ (астарлы мағыналы) аяттардың мәні мен оларды дұрыс түсіну жолдары баяндалды.

Сонымен қатар әһлі сүннет уәл-жамағат сенім мектебінің ұстанымдарына тоқталып, мүташабиһ аяттарды түсіндіруде ислам ғұламаларының еңбектеріне сүйенудің маңыздылығы айтылды.

Дәрістің басты мақсаты – жамағаттың діни білімін жетілдіру, дұрыс діни түсінік қалыптастыру және дәстүрлі ислам құндылықтарын кеңінен насихаттау.

Мұндай тағылымды сабақтар жамағаттың діни танымын тереңдетіп, иман-сенімін нығайтуға және рухани дамуына ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz