Center Image
IHSAN.KZ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІ «ЖАНСАЯ» КАФЕСІНДЕ АС БЕРУ ЖӘНЕ ТОЙ ӨТКІЗУ МӘДЕНИЕТІН ТҮСІНДІРДІ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІ «ЖАНСАЯ» КАФЕСІНДЕ АС БЕРУ ЖӘНЕ ТОЙ ӨТКІЗУ МӘДЕНИЕТІН ТҮСІНДІРДІ

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің дін қызметкерлері «Жансая» кафесіне арнайы барып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әзірлеген «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі)» құжатын таныстырды.

Кездесу барысында дін қызметкерлері құдайы ас беру рәсімдерін шариғат талаптары мен ұлттық дәстүрге сай ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталып, ысырапшылдықтың алдын алу, қарапайымдылық пен үнемшілдік қағидаларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар той-думан мен түрлі отбасылық қуаныштарды ұйымдастыру кезінде де орынсыз шығындарға жол бермеу, даңғазалықтан аулақ болу және ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу мәселелері кеңінен қозғалды.

Шараның басты мақсаты – қоғамда ас беру және той өткізу мәдениетін қалыптастыру, ысырапшылдықтың алдын алу, діни құндылықтар мен ұлттық дәстүр сабақтастығын нығайту, сондай-ақ көпшілікті қарапайымдылық пен қанағатшылдыққа шақыру.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz