Center Image
IHSAN.KZ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА ЗЕКЕТ ЕСЕБІНЕН КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА ЗЕКЕТ ЕСЕБІНЕН КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға зекет қаражаты есебінен азық-түлік себеттері таратылды.

Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету, мұқтаж жандарға көмек қолын созу және қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын кеңінен насихаттау.

Игі шара барысында отбасыларға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері үлестіріліп, олардың әлеуметтік жағдайына аз да болса қолдау көрсетілді.

Ислам дінінде зекет беру – мұсылманның маңызды міндеттерінің бірі. Ол қоғамдағы әлеуметтік теңдікті сақтауға, мұқтаж жандардың қажеттіліктерін өтеуге және адамдар арасындағы бауырмалдық пен өзара қамқорлықты нығайтуға бағытталған.

Осындай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын тауып, ізгілік пен жомарттықтың қоғамда кеңінен дәріптелуіне ықпал етпек.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz