Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде мешіт жастарына «Жастар – руханият шамшырағы» тақырыбында рухани насихат айтылды.
Кездесу барысында жастардың қоғамдағы рөлі, имандылық пен адамгершілік құндылықтарының маңызы, білімге ұмтылу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және уақытты тиімді пайдалану мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар жастарды жат әдеттерден аулақ болуға, ізгі амалдарға ұмтылуға, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге және рухани тұрғыдан кемелденуге шақырды.
Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың діни сауаттылығын арттыру, бойына көркем мінез бен адамгершілік қасиеттерді сіңіру, иманды әрі білімді жастарды тәрбиелеу.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы