Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде жастарға арналған «Жастар – руханият шамшырағы» тақырыбында рухани насихат жүргізілді.
Мешіттің наиб имамы Балтабаев Айдархан жастарға имандылық, адамгершілік, білімге ұмтылу және көркем мінез қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде тағылымды насихат айтты.
Кездесу барысында жастардың қоғамдағы орны мен жауапкершілігі, ата-ананы құрметтеу, үлкенге ізет көрсету, уақытты тиімді пайдалану және жат әдеттерден аулақ болу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар наиб имам жастарды ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, рухани білімдерін жетілдіруге, ізгі амалдар жасауға және қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуға шақырды.
Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың діни сауаттылығын арттыру, жастар арасында имандылық пен адамгершілік құндылықтарын насихаттау және олардың рухани дамуына ықпал ету.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы