Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданында «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында футболдан спорттық жарыс өтті.
Аталған жарыстың басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру, мешіт жамағаты арасындағы достық пен бауырмалдық қарым-қатынасты нығайту.
Спорттық додаға қатысқан командалар өзара бақ сынасып, алаңда жоғары шеберлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Тартысты өткен кездесулер барысында ойыншылар жеңіске деген жігерін танытып, көрермендерге қызықты ойын өрнегін ұсынды.
Жарыс қорытындысы бойынша Саран қалалық мешітінің командасы қарсыластарынан басым түсіп, жүлделі І орынды иеленді.
Бұл жеңіс – команданың ауызбіршілігі мен табандылығының, ұйымшылдығы мен спорттық рухының айқын көрінісі.
Осындай спорттық шаралар жастарды салауатты өмір салтына баулып, мешіттер арасындағы ынтымақтастық пен бауырмалдықты нығайтуға ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы