Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінің наиб имамы Аманбол Рымқұлұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен қаладағы ірі мейрамханалардың бірі – «Думан» мейрамханасына арнайы барып, ас беру мәдениетіне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында наиб имам мейрамхана әкімшілігіне ҚМДБ әзірлеген «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі)» құжатының негізгі талаптарын түсіндіріп, құдайы асты шариғат қағидалары мен ұлттық салт-дәстүрге сай ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар ас беру рәсімдерінде ысырапшылдыққа жол бермеу, қарапайымдылық пен үнемшілдік қағидаларын сақтау, орынсыз шығындардан аулақ болу мәселелері кеңінен насихатталды.
Шараның басты мақсаты – қоғамда ас беру мәдениетін қалыптастыру, ысырапшылдықтың алдын алу, ұлттық дәстүр мен діни құндылықтардың сабақтастығын нығайту.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы