Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешіті мен Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторының бірлесіп ұйымдастыруымен «Олжас Есенұлы» атындағы қайырымдылық орталығының шәкірттері арасында қасиетті Құран Кәрімнің 30-парасы бойынша жарыс өтті.
Рухани сайыстың басты мақсаты – шәкірттердің Құран Кәрімге деген сүйіспеншілігін арттыру, қасиетті аяттарды жаттауға ынталандыру және діни білімдерін жетілдіру.
Жарыс барысында қатысушылар Құранның 30-парасындағы сүрелерді жатқа оқып, өздерінің білімдері мен дайындықтарын көрсетті. Сонымен қатар Құран аяттарын дұрыс әрі мәнерлеп оқу, тәжуид ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше мән берілді.
Аталған шара шәкірттердің діни сауаттылығын арттырып, Құран жаттауға деген ынта-жігерін нығайтуға бағытталды.
Осындай рухани сайыстар өскелең ұрпақты имандылыққа, білімге және ізгілікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы