Қарағанды қалалық «Хазрет Әли» мешітінің наиб имамы Танат Тилманов мешіт жамағатына жат діни ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсері мен зардаптары туралы насихат айтты.
Насихат барысында жат ағымдардың қауіптілігі, олардың діни түсінікке, отбасы бірлігіне және қоғам тұрақтылығына тигізетін кері әсері кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ наиб имам жамағатты дәстүрлі діни құндылықтарды берік ұстануға, діни білімді сенімді дереккөздерден алуға және теріс діни түсініктерден сақ болуға шақырды.
Кездесу соңында жамағатқа діни сауаттылықты арттырудың және қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтаудың маңыздылығы айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы