Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің наиб имамы Айдархан Балтабаев мешіт жамағатына жат діни ағымдардың зардаптары мен олардың қоғамға тигізетін кері әсері туралы насихат айтты.
Насихат барысында жат діни ағымдардың қауіптілігі, олардың отбасы бірлігіне, қоғамдық тұрақтылыққа және ұлттық құндылықтарға тигізетін теріс ықпалы кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ наиб имам жамағатты діни сауаттылықты арттыруға, дәстүрлі діни құндылықтарды берік ұстануға және діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алуға шақырды.
Кездесу барысында ел бірлігі мен қоғамдық татулықты сақтаудың маңыздылығы айтылып, жат діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары түсіндірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы