«Көшпелі уағыз керуені» жобасы аясында Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің наиб имамы Тәубежан Ибраев Шешенқара ауылындағы «Бұқар баба» мешітінде жамағатқа «Жат ағымның зардабы» тақырыбында насихат айтты.
Уағыз барысында жат діни ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсері, олардың отбасы бірлігіне, ұлттық құндылықтарға және қоғамдық тұрақтылыққа төндіретін қауіптері кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ наиб имам жамағатты діни сауаттылықты арттыруға, дәстүрлі діни құндылықтарды берік ұстануға және діни білімді сенімді дереккөздерден алуға шақырды.
Рухани кездесу барысында ел ішіндегі бірлік пен татулықты сақтау, жастарды теріс діни түсініктерден қорғау және жат ағымдардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы