Center Image
IHSAN.KZ
Қарабас мешітінің имамы агротехникалық колледждің студенттерімен кездесті
Қарабас мешітінің имамы агротехникалық колледждің студенттерімен кездесті

Қарағанды облысы Абай ауданына қарасты Мичурин кентіндегі Агротехникалық колледжде Қарабас мешітінің имамы Шарифулла Шадиев студенттермен кездесу өткізді.


Кездесу барысында имам жастарға жат ағымның зияны мен одан сақтанудың жолдарын түсіндіріп, дұрыс діни таным қалыптастырудың маңызына тоқталды. 


Сонымен бірге студенттер көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.


Бұл игі іс-шара жастардың діни сауатын арттыруға және теріс пиғылды ағымдардың ықпалынан сақтандыруға бағытталды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz