Center Image
IHSAN.KZ
Абай аудандық мешіт қызметкерлері Дербісәлі батырға зиярат жасады
Абай аудандық мешіт қызметкерлері Дербісәлі батырға зиярат жасады

Абай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Дархан дала» отандық туризмді дамыту жобасы жүзеге асты. Жобаның мақсаты – тарихи тұлғаларды танытып,  олардың өнегелі өмірін кейінгі ұрпаққа жеткізу және рухани құндылықтарды дәріптеу.


Іс-шара барысында мешіттің дін қызметкерлері мен жамағат Дербісәлі батыр Айдаболұлы бабаның рухына зиярат жасап, Құран бағыштады. Батырдың ел үшін жасаған ерліктері мен қайраткерлігі жайлы деректер айтылып, жиналғандарға тағылымды насихат айтылды.


Жиналған жамағат бабалар рухына тағзым етудің мәні мен маңызына ерекше тоқталды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz