Абай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Дархан дала» отандық туризмді дамыту жобасы аясында кезекті рухани іс-шара жүзеге асты.
Бұл бастама елдің тарихи-рухани мұрасын жаңғыртуға, тұлғалардың өнегелі өмірін насихаттауға және жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.
Іс-шара барысында жамағат Сеңкібай биата Оразғұлұлының мазарына зиярат жасап, Құран бағыштады. Сондай-ақ оның ел бірлігіне қосқан үлесі мен әділ билігі жайлы тағылымды деректер айтылды.
Жиынға өңір ақсақалдары, мешіттің дін қызметкерлері қатысты. Жиналғандар Сеңкібай бидің әділдігі мен ел ішіндегі орны туралы естеліктер тыңдап, өнегесін ойға түйді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі