Center Image
IHSAN.KZ
Құрбан айт мубарак болсын

Ислам дінінде, мұсылман халықтарында екі үлкен мереке бар. Бірі – 30 күн Оразадан кейін келетін айт мерекесі және одан 70 күннен кейін келетін Құрбан айт мерекесі Мұсылман қауымы үшін қасиетті мереке саналатын Құрбан айт мерекесі жақындап қалды. Биыл қазанның 15-сі, күні басталатын мереке күндері әлемдегі барша мұсылман қауым құрбандық шалып, бір-бірінің үйіне айттап барады. Құрбан айт мерекесінің өзге күндерден, мерекелерден ерекшелігі – құрбандық шалу. Бұл мерекенің қасиеті сол – жыл он екі ай тыныштықта, бейбіт күнде өмір сүріп, он екі мүшеміздің сау болғаны үшін Аллаh тағалаға шүкіршілік ету, нығметіне бөлену. Құрбан айттың басты міндеттерінің бірі – құрбан шалу. «Құрбан» сөзі араб тілінде «жақындау» деген мағынаны білдіреді. Құрбан шалу арқылы, осы ғибадатты орындау арқылы Аллаға жақындау, сауапты істеріңіз арқылы жүрегіңізді тазарту. Құрбандыққа адал мал шалынады. Бұл – дәстүр, сүннет. Осындай ұлық мереке барысында мұсылман бауырлардың кейбірі Алла үйінде ине шаншар орын болмағандықтан, тыста тұрып құлшылық қылды. Ұлық мереке барысында Балқаш қалалық мешітінің бас имиамы Аманжолов Марат қажы айт намазына дейін 45 минут ауыз бірлік, құрмет көрсету, құрбан шалу жайында уағыз-насихат айтып, қала әкімінің орынбасары Данияр Манамбаев мұсылман қауымды қала әкімшілігі атынан құттықтады. Сәлден соң бас имамның бас болуымен айт намазы оқылды. Намаздан соң айттық дастархан жайылып, мешіт жамағаттары айттықтан ауыз тиді.

Алладан жәрдем сұраған жұртышылық артынша құрбандық шалып, ата-баба рухына құран бағыштады.

Әркім көрпесіне қарай көсіліп, құрбандыққа бойында сырқаты жоқ жарамды малдар шалынды.

Алладан жәрдем сұраған жұртышылық артынша құрбандық шалып, ата-баба рухына құран бағыштады. Әркім көрпесіне қарай көсіліп, құрбандыққа бойында сырқаты жоқ жарамды малдар шалынды.

Биылғы жылы мешітте1 сиыр, 28 қой құрбандыққа шалынды. Мер еке аясында қалалық мешіт тұрмысы төмен, азқамтылған 88 отбасы және мүгедек, жалғызбасты жандарға құрбандық еттері таратылды. Сонымен қатар АК 159/21 мекемесінде бас бостандығынан айырылған азаматтарға 2 қой, «Жанашыр» баспанасындағы тұрақты мекен-жайы жоқ жандарға 1қой, жетім балалар үйіне 4 қой берілді. [gallery link="file" columns="4"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz