Center Image
IHSAN.KZ
«Жат ағым жарға жығады» тақырыбында уағыз айтылды
«Жат ағым жарға жығады» тақырыбында уағыз айтылды

Бұқар жырау ауданына қарасты «Жыржыс қажы» мешітінің имамы   Ерлан Мамайұлы жамағатқа «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында уағыз айтып, діни сауаттылықты арттырудың және дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың маңыздылығына тоқталды.

Имам өз сөзінде жастар мен жамағатты күмәнді діни ақпараттардан сақ болуға, дін мәселесінде білікті мамандардың пікіріне жүгінуге шақырды. Сондай-ақ жат ағымдардың қоғам бірлігіне, отбасы құндылықтарына тигізер кері әсері жөнінде түсіндірме берді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz