Қарағанды қалалық «Хазірет Әли» мешітінде жамағатқа уақып қорының маңызы тақырыбында насихат айтылды.
Мешіт имамы Ербол Мұқанұлы уағыз барысында уақыптың исламдағы орны мен қоғам игілігіне қосатын үлесіне тоқталды. Ол уақып жасаудың сауапы үзілмейтін садақа екенін айтып, мұндай игі амалдың мешіттердің, діни-ағарту және қайырымдылық жобаларының тұрақты жүзеге асуына үлкен қолдау болатынын жеткізді.
Сонымен қатар, жамағатты қолынан келгенше қайырымдылық жасап, сауапты іске үлес қосуға шақырып, уақып мәдениетін дамыту – елдің рухани және әлеуметтік дамуына қызмет ететін маңызды құндылық екенін атап өтті. Уағыз соңында жамағатқа береке мен бірлік тілеп, ізгі амалдардың қабыл болуын сұрап дұға жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы