Center Image
IHSAN.KZ
АБАЙ АУДАНЫНДА ТОЙ МӘДЕНИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
АБАЙ АУДАНЫНДА ТОЙ МӘДЕНИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Абай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен аудандағы «Мейірім» және «Береке» кафелерінде той мәдениетін қалыптастыру, ысырапшылдықтың алдын алу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында той-томалақтарды ұлттық салт-дәстүр мен діни құндылықтарға сай ұйымдастыру, орынсыз шығындарға жол бермеу, дастархан әдебін сақтау және асабалардың қоғам алдындағы жауапкершілігі жөнінде кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар той өткізу мәдениетіне қатысты арнайы әзірленген жадынама таныстырылып, оның мазмұны мен маңыздылығы түсіндірілді.

Аталған шараның басты мақсаты – қоғамда өнегелі той мәдениетін қалыптастыру, ысырапшылдықтың алдын алу және халқымыздың ұлттық құндылықтары мен ізгі дәстүрлерін насихаттау.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz