Center Image
IHSAN.KZ
Жамағатқа уақыптың мәні насихатталды
Жамағатқа уақыптың мәні насихатталды

Осакаров аудандық мешітінде жамағатқа уақып қорының маңызы тақырыбында насихат айтылды.

Мешіт имамы Құдайберген Серікұлы уағыз барысында уақыптың исламдағы орны мен қоғам игілігіне қосатын үлесіне тоқталды. Ол уақып жасаудың сауабы үзілмейтін садақа екенін айтып, мұндай игі амалдың мешіттердің, діни-ағарту және қайырымдылық жобаларының тұрақты жүзеге асуына үлкен қолдау болатынын жеткізді.

Сонымен қатар, жамағатты қолынан келгенше қайырымдылық жасап, сауапты іске үлес қосуға шақырып, уақып мәдениетін дамыту – елдің рухани және әлеуметтік дамуына қызмет ететін маңызды құндылық екенін атап өтті. Уағыз соңында жамағатқа береке мен бірлік тілеп, ізгі амалдардың қабыл болуын сұрап дұға жасалды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz