Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен мешіт асханасының бөлмелерін ұлғайту жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Бұл игі бастаманың негізгі мақсаты – мешіт жамағатына қолайлы жағдай жасап, асхана ғимаратының сыйымдылығын арттыру. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сай жалғасып, бөлмелерді кеңейту және ішкі әрлеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.
Мешіт асханасы – жамағатқа қызмет көрсетілетін маңызды орындардың бірі. Мұнда ауызашарлар, ас беру рәсімдері, қайырымдылық шаралары мен түрлі рухани-танымдық кездесулер өткізіледі. Сондықтан асхананы кеңейту алдағы уақытта келушілерге барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Мешіт ұжымы осы қайырлы іске қолдау білдіріп, үлес қосып жатқан барша демеушілер мен жанашыр жамағатқа шынайы алғысын білдіреді. Алла Тағала жасаған әрбір қайырымдылықтарыңызды қабыл етіп, сауаптарын еселеп жазғай!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы