Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің имамы Оралбай Ермахан мен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бақдәулет Әбілдаев шәкірттерімен бірге ҚМДБ-ның «Дархан дала» жобасы аясында Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының, оның кенже інісі Оспан Құнанбайұлының және Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлы Ахат Шәкәрімұлының мәңгілік тыныстаған Жидебайдағы кесенесіне зиярат етті.
Рухани-танымдық сапар барысында қатысушылар қазақтың ұлы тұлғаларының өмір жолы, тағылымы және ел руханиятына қосқан өлшеусіз үлесі туралы кеңінен мағлұмат алды. Сонымен қатар зиярат барысында Абай, Оспан және Ахат Шәкәрімұлының рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.
Шара аясында жастарға ата-баба аманатына адал болу, ұлттық құндылықтарды қадірлеу, тарихи мұраны құрметтеу және рухани сабақтастықтың маңызы жөнінде насихат айтылды.
Осындай тағылымды сапарлар жастардың тарихи санасын қалыптастырып, туған жердің қасиетті орындарын танып-білуіне, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеуіне үлкен ықпал етеді. ҚМДБ-ның «Дархан дала» жобасы аясында ұйымдастырылып жатқан мұндай игі бастамалар халқымыздың бай тарихи-рухани мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы