Осакаровка аудандық мешітінің ұстазы Ақбота Қайратқызының ұйымдастыруымен мешітте әйел-қыздар жамағатына арналған діни сауат ашу дәрістері тұрақты түрде өткізілуде.
Дәрістер барысында шәкірттер Құран Кәрімді дұрыс оқуды, тәжуид қағидаларын, фиқһ және ақида пәндерін меңгеріп, діни білімдерін жетілдіруде. Сонымен қатар, сабақтарда құлшылыққа қатысты мәселелер жан-жақты түсіндіріліп, қатысушылардың діни сауатын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Мұндай тағылымды дәрістер әйел-қыздардың дәстүрлі діни танымын қалыптастырып, имандылыққа, ізгілікке және көркем мінез-құлыққа тәрбиелеуде маңызды рөл атқаруда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы