Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Мәлик» – Алланың көркем есімі тақырыбында уағыз айтылды
«Әл-Мәлик» – Алланың көркем есімі тақырыбында уағыз айтылды

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі – «Әл-Мәлик» есімінің мағынасы мен мәні кеңінен түсіндірілді.

Уағыз барысында «Әл-Мәлик» – бүкіл жаратылыстың шынайы Иесі, барлық билік пен құдіреттің жалғыз иесі екені айтылды. Сондай-ақ адам баласының Алланың ұлықтығын танып, Оған тәуекел етуі, шүкіршілік жасап, әрбір ісінде жауапкершілік танытуы жөнінде тағылымды насихат айтылды.

Фатима Аманболдықызы жамағатқа Алланың көркем есімдерін танып-білудің жүрек тәрбиесі мен иманды нығайтудағы маңызына тоқталып, мұсылман адамның күнделікті өмірінде осы есімдердің мәнін түсініп, ғибрат алуы қажеттігін жеткізді.

Кездесу соңында жамағат көкейдегі сауалдарына жауап алып, рухани білімдерін толықтырды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz