Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің ұжымы «Дархан Дала» бағыты аясында қазақ тарихында өшпес із қалдырған даңқты қолбасшы, көрнекті мемлекет қайраткері Жалаңтөс Баһадүрдің кесенесіне зиярат жасады.
Зиярат барысында ұлы тұлғаның рухына Құран бағышталып, дұға жасалды. Сондай-ақ, елін қорғап, жерін сақтауда айрықша ерлік көрсеткен батырдың өмір жолы мен тарихи еңбегі кеңінен еске алынды.
Жалаңтөс Баһадүр – ерлігімен ел жадында қалған, қайсарлығы мен қолбасшылық қабілеті арқылы тарихта өзіндік орны бар тұлға. Оның өнегелі өмірі – бүгінгі ұрпақ үшін отансүйгіштік пен елге қызмет етудің жарқын үлгісі.
Мұндай рухани-танымдық зияраттардың мақсаты – тарихи тұлғалардың өнегесін ұлықтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың бойына туған жерге деген құрмет пен елдік рухты қалыптастыру.
Тарихын таныған ұрпақ – тамырын ұмытпайды. Бабалар мұрасын ұлықтау – баршамызға ортақ аманат.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы