Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында рухани тәрбие мен діни сауаттылықты арттыру мақсатында апталық уағыз-насихат дастарханы ұйымдастырылды.
Рухани шараның негізгі мақсаты – жамағаттың бірлігін нығайту, имандылық құндылықтарын насихаттау, жастарды ізгілікке, адамгершілікке және көркем мінезге тәрбиелеу.
Кездесу барысында мешіт имамы жиналған жамағатқа тағылымы мол уағыз айтып, асыл дініміздің адам өміріндегі орны, имандылықтың маңызы, ата-анаға құрмет, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсету, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен бауырмалдық туралы кеңінен насихат жүргізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы