Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Игі шара мешіт имамы Нұров Махмұд қажы Нұрұлының ұйымдастыруымен өтіп, әлеуметтік осал отбасыларға қолдау көрсетілді.
Акция барысында 60 мұқтаж отбасының балаларына мектеп сөмкелері мен қажетті кеңсе тауарлары табысталды. Қайырымдылық көмегі балалардың жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылып, мектепке көтеріңкі көңіл-күймен баруына мүмкіндік береді.
Шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету, балалардың білім алуға деген ынтасын арттыру және жаңа оқу жылын алаңсыз бастауына жағдай жасау.
Мешіт ұжымы қайырымды іске атсалысып, балаларға қуаныш сыйлаған барша азаматтарға алғысын білдіреді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы