Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруға деген қызығушылықты арттыру және мешіт шәкірттерінің өзара ынтымағын нығайту мақсатында футболдан ойын ұйымдастырылды.
Спорттық шараға мешіт шәкірттері белсенді қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын көрсетті. Жарыс барысында қатысушылар спорттық шеберліктерін шыңдап қана қоймай, командалық бірлік, өзара құрмет пен ұйымшылдықтың маңызын көрсете білді.
Іс-шара барысында жастарға денсаулықты күту, бос уақытты тиімді пайдалану және спортпен тұрақты түрде айналысудың пайдасы жөнінде насихат айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы