«Төулетай ата» мешітінде Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ның ғибратты өмір жолын дәріптейтін Сира ілімі бойынша әйел-қыздар арасында білім сайысы ұйымдастырылды.
Рухани білім бәсекесіне мешіттерден әйел-қыздар жамағаты қатысып, өзара білімдерін сараға салды. Сайыс барысында қатысушылар Пайғамбарымыз ﷺ-ның дүниеге келуінен бастап, пайғамбарлық кезеңі, Ислам дінінің таралуы, мұсылман үмбетінің қалыптасуы, тарихи оқиғалар мен сахабалардың өмір жолына қатысты түрлі сұрақтарға жауап берді.
Жоғары дайындық пен ұйымшылдық танытқан «Әл-Ғаффар» мешітінің әйел-қыздар жамағаты білім сайысында оза шауып, І орынға ие болды.
Қатысушылар Сира ілімін терең меңгергендерін нақты әрі жылдам жауаптарымен дәлелдеп, Ардақты Пайғамбарымыз ﷺ-ның көркем мінезі мен өнегелі өмірін насихаттады.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз жамағат І дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бұл жеңіс – мешіт ұстаздары мен шәкірттерінің ізденісі, жүйелі дайындығы және рухани бірлігінің жемісі. Осындай білім сайыстары әйел-қыздардың діни сауатын арттырып, Сира ілімін терең меңгеруге ынталандыра түседі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы