Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде жамағатқа уақыптың маңызы мен сауабы туралы уағыз-насихат айтылды.
Мешіт имамы Берік Алпысбайұлы жамағатқа уақыптың ислам дініндегі орны мен оның қоғамға тигізер пайдасы жөнінде кеңінен түсіндірді. Уақып арқылы жасалған игі істің адам өмірден өткеннен кейін де сауабы жалғасатын сауапты амал екеніне тоқталды.
Уағыз барысында қайырымдылық жасау, мұқтаж жандарға қолдау көрсету, мешіттер мен діни нысандардың дамуына үлес қосу секілді игі амалдардың маңыздылығы айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы