Center Image
IHSAN.KZ
Уақыптың сауабы – сарқылмас қазына
Уақыптың сауабы – сарқылмас қазына

Осакаровка ауданына қарасты Молодежный кенті мешітінде жамағатқа уақыптың маңызы мен сауабы туралы уағыз-насихат айтылды.

Мешіт имамы Рүстем Мұратұлы уақыптың ислам дініндегі орны мен оның қоғамға тигізер пайдасы жөнінде түсіндіріп, уақыпқа берілген дүниенің сауабы адам өмірден өткеннен кейін де жалғасатын игі амал екеніне тоқталды.

Уағыз барысында мешіттерге, діни нысандарға және қайырымдылыққа қолдау көрсетудің, халыққа пайдасы тиетін игі істерге үлес қосудың маңызы айтылды.

Сондай-ақ жамағатты мүмкіндігіне қарай сауапты іске атсалысып, кейінгі ұрпаққа пайдасы тиетін қайырлы іс қалдыруға шақырды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz