Center Image
IHSAN.KZ
УАҚЫПТЫҢ ҰЛЫҚ САУАБЫ НАСИХАТТАЛДЫ
УАҚЫПТЫҢ ҰЛЫҚ САУАБЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жамағатқа уақыптың мәні мен мұсылман өміріндегі маңызы жөнінде уағыз-насихат айтылды.

Мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы уақып жасаудың адамға ғана емес, қоғамға да тигізер пайдасына тоқталды. Жамағатқа халық игілігіне арналған қайырымды істің сауабы үзілмей жалғасатындығы түсіндірілді.

Уағыз барысында мешіттерді қолдау, мұқтаж жандарға жәрдемдесу және елге пайдасы тиетін игі бастамаларға үлес қосудың сауапты амал екені айтылды.

Сонымен қатар жамағатты мүмкіндігіне қарай қайырлы істерге атсалысып, кейінгі ұрпаққа пайдасы тиетін ізгі мұра қалдыруға үндеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz