Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде жастарға нашақорлықтың зияны түсіндірілді
«Қазыбек би» мешітінде жастарға нашақорлықтың зияны түсіндірілді

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және оның зиянды салдарын түсіндіру мақсатында «Нашақорлық – құрдымға кетіреді» тақырыбында насихат жұмысы жүргізілді.

Кездесу барысында дін қызметкері есірткі заттарының адам денсаулығына, рухани дүниесіне және отбасы мен қоғамға тигізетін кері әсері туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ есірткіге тәуелділіктің адам өміріне орны толмас зиян келтіретіні айтылып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақытын тиімді өткізуге және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Жиын барысында адам өмірінің қадірі, денсаулықты сақтау, жақсы орта қалыптастыру және жастар тәрбиесінің маңызы жөнінде тағылымды ойлар айтылды.

Шара соңында мешіт жамағатына нашақорлықтың алдын алуға бағытталған арнайы ақпараттық бүктемелер таратылды. Бүктемелерде есірткінің зияны, одан сақтану жолдары және салауатты өмір салтын қалыптастыруға қатысты пайдалы ақпараттар қамтылған.

Мұндай түсіндіру жұмыстары жастардың зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстап, қоғамға пайдалы әрі саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz