Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды: «Ар-Рахман» мешітінде нашақорлықтың алдын алуға арналған семинар өтті
Қарағанды: «Ар-Рахман» мешітінде нашақорлықтың алдын алуға арналған семинар өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде «Нашақорлық – құрдымға кетіреді» тақырыбында семинар-кездесу өтті.

Іс-шара барысында нашақорлықтың адам денсаулығына, рухани және әлеуметтік жағдайына тигізетін кері әсері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар есірткіге тәуелділіктің алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы сөз болды.

Кездесуде адамның өмірі мен денсаулығы – жауапкершілікпен қарауды қажет ететін құндылық екені атап өтіліп, есірткі қолданудың жеке адамға ғана емес, оның отбасына және жалпы қоғамға тигізетін зардаптары түсіндірілді.

Сондай-ақ жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, білім мен спортқа ден қою, пайдалы орта қалыптастыру және рухани құндылықтарды дәріптеудің маңызына назар аударылды.

Жиын соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырып аясында пікір алмасты.

Нашақорлықтың алдын алу – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақтың салауатты болашағын қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz