Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде жамағатқа арналған дәстүрлі бейсенбілік рухани отырыс жалғасын тапты.
Кезекті рухани жиында мешіт ұстазы Ысқақ Рахымбекұлы «Сахих әл-Бұхари» кітабындағы «Амалдар ниетке байланысты» тақырыбындағы хадиске қатысты дәріс өткізді.
Ұстаз хадистің мән-мағынасын кеңінен түсіндіріп, мұсылманның әрбір іс-амалында ниеттің алатын орны мен маңызына тоқталды. Сондай-ақ жамағатты ізгі амалдарды шынайы ниетпен жасауға үндеді.
Рухани отырыс соңында жамағат көкейдегі сауалдарына жауап алып, пайдалы діни мағлұматтармен толықты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы