Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылып, 1000 түп көшет отырғызылды.
Аудан әкімдігінің қолдауымен өткен игі шараға ауыл тұрғындары мен жамағат мүшелері, сондай-ақ «Иса молла» мешітінің имамы Нұржан Оңғарұлы қатысты.
Шара барысында қатысушылар туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосып, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына назар аударды.
Игі бастама – елді мекенді көгалдандыруға, қоршаған ортаны таза ұстауға және тұрғындарды табиғатты аялауға үндейді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы