Center Image
IHSAN.KZ
«БҰҚАР ЖЫРАУ» МЕШІТІНДЕ ТАҒЫЛЫМДЫ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ
«БҰҚАР ЖЫРАУ» МЕШІТІНДЕ ТАҒЫЛЫМДЫ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ

Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінде ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келуіне орай тағылымды Мәуліт кеші өтті.

Рухани кешке Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бауыржан Мейірбекұлы арнайы қатысып, Мәуліт оқыды. Сондай-ақ жамағатқа Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі, көркем мінезі мен адамзатқа қалдырған өсиеттері жайында әсерлі уағыз-насихат айтты.

Кеш барысында жамағат қасиетті Құран аяттарын тыңдап, Алла Елшісіне (с.ғ.с.) салауаттар айтып, рухани тағылым алды. Мәуліт оқылып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілікті арттыратын өнегелі әңгімелер айтылды.

Жиын барысында мұсылман баласының көркем мінезді болу, ата-анаға құрмет көрсету, ағайынмен тату қарым-қатынас орнату және қоғамға пайдалы іс жасау секілді ізгі қасиеттері кеңінен насихатталды.

Тағылымды кеш соңында жамағат еліміздің амандығы, жұртымыздың бірлігі мен берекесі және барша мұсылман қауымының игілігі үшін дұға жасады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz