Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адам қатты қиналғанда оқылатын дұғалар
03 сәуір, 2019 жыл 288897 Басып шығару нұсқасы

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْهَمِّ وَالْحَزَنِ وَ الْعَجْزِ وَالْكَسَلِ وَالْجُبْنِ وَالْبُخْلِ وَغَلَبَةِ الدَّيْنِ وَقَهْرِ الرِّجَالِ

Аллаһуммә инни ә‘уузу бикә минәл-һәмми уәл-хазәни уәл-‘ажзи уәл кәсәли уәл-жубни уәл-бухли уә ғаләбәтид-дәйни уә қаһри-рижәәли.
Мағынасы: Уа, Аллаһым, мені уайым жеуден, қайғы-қасіреттен, дәрменсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қарызға белшеден батудан және адамдардың зорлық-зомбылығынан сақтай гөр!

Белгілі  сахаба  Әбу  Саид  әл-Худри  (р.а.) аталмыш дұғаға қатысты мына бір оқиғаны әңгімелеген:

Бірде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) намаздан тыс уақытта мешітке кіргенінде ансарлық Әбу Үмәмә атты бір кісінің отырғанын көріп: «Әй, Әбу Үмәмә! Намаздан тыс уақытта мешітте не істеп отырсың − деп сұрайды. Ол: «Уа, Алланың елшісі! Қарызға белшеден батып, қатты қиналып отырмын», − деп жауап берді. Сонда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Саған  оқығаныңда уайым-қайғыңды сейілтіп, қарыздарыңнан Алланың Өзі құтқаратын бір дұға үйретейін бе?» − дегенде, Әбу Үмәмә (р.а.): «Әлбетте, уа, Алланың елшісі!» − дейді. Сонда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған осы дұғаны үйретіп: «Бұл дұғаны таңертең және кешке үзбей оқып тұрғын», − дейді. Кейіннен Әбу Үмәмә: «Мен Пайғамбарымыздың (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) бұйырғанын  бұлжытпай  орындап  жүрдім. Соңында  Алла  Тағала менің барлық уайым-қайғымды сейілтіп, қарыздарымнан да толық құтылдым», − деген болатын (Сунәну Әби Дәууд, Китәбу ас-саләәт 1330).

 

Дұғаның тез қабыл болуы үшін...

Әнас ибн Мәліктің (р.а.) жеткізуі бойынша бір күні Алла елшісінің (саллаллаһу  аләйһи уә  сәлләм) жанында отырғанда дұға жасап отырған бір адамды көреді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу  аләйһи уә  сәлләм) сонда Әнастан: «Әлгі кісінің не деп дұға жасағанын және неге байланысты дұға жасап жатқанын білесің бе? – деп сұрайды да артынша сұраққа өзі жауап беріп былай дейді: «Ол еткен дұғасы сол сәтте қабыл болатындай етіп Оның ең маңызды есімдерін атап, Аллаға жалбарынуда, Алладан сұрауда».

Әлгі дұғаның оқылуы былай болады:

يَا بَدِيعَ السَّمَوَاتِ وَ الْأرْضِ يَا حَىُّ يَا قَيُّومُ إِنِّى أَسْأَلُكَ

«Йә бадиғас самауати уал ард йа хаййу йа қаййум инни әсалукә».
Мағынасы: «Уа, Раббым! Аспан мен жерді жаратқан, мәңгі тірі, зиянсыз Жаратушы Ием өзіңнен сұраймын» (Бұхари, Әдәбул-муфрад, 195).

Сонымен қатар, дұға етерден бұрын «Қамар» сүресінің 55-аятында кездесетін Алла Тағаланың екі есімін атау маңызды. Олар: «Мәлік» және «Муқтадир» есімдері. Құран тәпсіршісі Махмуд Алуси осы екі көркем есімнің дұға еткенде маңызды екенін айтады. Мәлік – ұлы басқарушы, Муқтадир – шексіз күш иесі деген мағынаны білдіреді. Олар мыналар:

يَا مَلِيكُ يَا مُقْتَدِرُ

«Йа, Мәлику, йа, Муқтадир» дегеннен соң ары қарай өз мұқтаждықтарын сұрап, дұға жасай береді.

islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары