Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Білім үйрену және басқаға үйрету
06 қараша, 2020 жыл 2798 Басып шығару нұсқасы

Ислам – білім алуды парыз деп санайтын дін. Дініміздің осы тұсы исламның хақ екенін дәлелдей түссе керек. Өйткені, дүниеде білім мен ғылымды парыз санайтын исламнан басқа дін жоқ. Демек, білімді тек Ислам діні ғана қажет санап, барша мұсылмандарды ілім алуға үндейді. Пағамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріпінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз, – делінсе, тағы бір хадисінде: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен», – деп насихат айтылған.

Ислам дінінде білім алу жайында көптеген хадистер келген. Мысалы, «Бір сағат білім алу түні бойы құлшылық етуден, бір күн білім алу үш ай ораза ұстаудан жақсырақ» (Дайлями). Құлшылықтардың ішіндегі ең абзалы – ол намаз. Түнгі намаз парыз намаздан кейінгі үлкен құлшылық. Бірақ, Пайғамбарымыз білімді сол құлшылықтан жоғары қойып отыр. Хадисті түсіндіру үшін мысал ретінде, білім алу жолында жүрген шәкірт түнімен құлышылқ жасап таң ертең білім алу барысында ұйықтап отырса оның түнімен жасаған құлышылығында пайда жоқ деген сөз.

Құранда Алла Тағал: «Расында, Алладан құлдарының ішінен ғалымдар ғана шынайы түрде қорқады» деп айтса, Хадисте Пайғамбарымыз: «Ғалымдар – пайғамбарлардың мирасқорлары» деп айтқан.

Алла Тағала Адам атаны (алейһис салам) жаратқан кезде оған заттардың атын білдіріп қойған болатын. Құранда «Бақара» сүресінің 31-ші аятында: «(Ол Алла) Адамға есімдердің барлығын үйретті» деген. Адам атаға білімді Алланың Өзі уаһи етіп үйреткен. Адам ата да алғашқы пайғамбар болып балдарына шариғатты үйретіп отырған. Солайша жер бетінде алғашқылар кейінгілерге білгендерін, көргендерін үйретіп ғылым дами бастаған. Сондықтан, біз білімді өзімізден алдынғы буыннан үйренеміз. Бірақ, кез келген үлкен кісілер ғалым емес қой. Алдынғы буын деудегі мақсат алдынғы буындағы ғалымдар. Біз білімді тек қана ғалымдардан үйренуіміз керек.

Алла Тағала білімді, сауатты, ғалым мұсылманды жақсы көреді. Себебі, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уа саллам): Алла Тағала кімге жақсылық қаласа, соған дінді кеңінен, терең түсінуді нәсіп етеді» деп айтқан. Алла мұсылманға діни ілімді емес бұл дүниеде пайда беретін ілімді нәсіп етсе де ол Алланың оған берген жақсылығы деп түсіне аламыз. Бірақ, діни білім адамға екі дүниеде пайда беретіндіктен Алла оған ерекше мән берген екен.

Алла Тағала тек қана ілім алушыға ғана жақсылықты беріп қоймаған. Сонемен қатар, ілімді таратушы, оны тура жолда қолданған мұсылманға да әжір сауаптар бар екенін айтып өткен. «Мүжадәлә» сүресінің 11-аянда: «Алла Тағала сендердің араларыңнан иман келтіргендердің, сондай-ақ, өздеріне ілім нәсіп болғандардың дәрежесін көтеріп, мерейін өсіреді» деп ғалым болған мұсылман адамның дәрежесін биік қойған. Ілімі саяз, толық меңгермеген адам ол ілімді басқаларға жеткізе алмайды. Ал ғалым адам кімге не айту керектігін жақсы білгендіктен алдына келіп тұрған адамның тура жолға түсіп кетуіне себепкер болады. Сондықтан да, Пайғамбарымыз хадисінде Алиге: «Алланың атымен ант етейін! Алланың сен арқылы бір адамды болса да тура жолға салуы мыңғырған қызыл түйелердің иесінен болуыңнан да қайырлы» деп йтқан. Арабтарда ең бағалы мал қылыз түйе болған. Сол қызыл түйені жинап бай болғаннан ілім алып, ғалым болып бір адам болсын сіз арқылы  тура жолға түсіп кетсе, онда сіз үшін сол ең жақсы амал болмақ.

Қорыта айтқанда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уа саллам): «Сендердің араларыңда ең жақсыларың Құранды үйреніп басқаға үйреткендерің» деп айтқан. Бұл жерде үйренген адам да, үйреткен адам да жақсылықта екенін айтып отыр. Ибн Дардадан мынандай сөз жеткізілген: «Бесеудің төртеуі бол, бірақ бесіншісі болма, құрдымға кетесің: ғалым бол, немесе ілім ізденуші бол, немесе (ғалымдарды) тыңдаушы бол, не (ғалымдарды) жақсы көруші бол, бірақ бесінші болма (яғни, оларға қатысы жоқ адам болма).

Алла Тағала баршамызды ілім ізденушілерден қылсын!

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары