Тілдік нұсқа
Радио

мақала

«Әл-фикх-уль-акбар» Әбу Ханифаның еңбегі ме?
27 қараша, 2014 жыл 910 Басып шығару нұсқасы
velikya_b

 Сұрақ:


Түрлі уәждерді алға тарту арқылы бірқатар кітаптардың Әбу Ханифаға тиесілі екеніне күмән келтіретін адамдар аз емес.


1) «Фикх-уль-Акбар», «Фикх-уль-Абсат», «Васыя» кітаптары шынында Әбу Ханифаның еңбектері ме? Ғұламалардың қайсысы осы еңбектердің анық Әбу Ханифаға тиесілі екенін қуаттайды? Осы кітаптардың бәрінің ұлы имамға тиесілі екенін айғақтайтын қандай дәлелдер бар?  Иснадтың (тізбек) әлсіз болуы кітаптың Әбу Ханифаға тиесілі еместігін білдіре ме?


 Жауап:


1) «Фикх-уль-Акбар» және  «Васыя» еңбектеріне қатысты Әбу Ханифаның авторлығы талас тудырмайды. «Фикх-уль-Акбар» еңбегіне қатысты оның авторлығы туралы  Ибн-ун-Надим (438 г.х.) өзінің  «Әл-Фихрист» еңбегінде айтады.  Бұл еңбек ерте замандағы кітаптар мен олардың авторлары туралы дерек беретін негізгі ақпарат көзі болып табылады.  Одан бөлек осы кітаптың Әбу Ханифаға дейінгі анық тізбегі көрсетілген хатттар   бар.  Мысал үшін осындай бір  хатта мынадай тізбек көрсетіледі: Әбу Ханифадан оның ұлы Хаммад, Хаммадтан Исама ибн Юсуф, одан  Әбу Мукатиля, одан Наср ибн Яхия, одан Әли ибн Ахмед әл-Фариси.


Ханафи мәзхабының жетекші әлімдері – Әли Кари, аллама Чилпи, Аль-Магнисави және басқалары «Әл-Фикх-уль-Акбар» кітабына түсінік жазып оны сапасы тұрғысынан Әбу Ханифаның кітабы ретінде таныған.


Білместік көбінесе «Әл-Фикх-уль-Акбар» атты кітаптың екеу болуынан туындайды.  Оның бірі – Әбу Ханифаның ұлы Хаммад жеткізген әйгілі еңбек. Бұл біз жоғарыда айтқан кітап. Әдетте Ислам кітапханаларында, дүкен сөрелерінде көп  көретініміз де осы кітап. Әбу Ханифаның аталмыш еңбегі.


«Әл-Фикх-уль-Акбар» атты екенші кітаптың авторлығы да  Абуль-Мути’ аль-Балхи жеткізуінше Әбу Ханифаға телінеді. Бірақ Абуль-Мути’ аль-Балхи көрсеткен аталмыш кітаптың Әбу Ханифанікі екендігіне әлімдердің күмәні бар. Себебі көптеген оқымыстылар оны «өтірікші» есептеген, сондықтан оның сөздеріне сенімсіздік басым. Олар бұл еңбек Абуль-Мути’ аль-Балхидің өзінікі деп есептейді.


Егер жеткізушілер тізбегі сенімсіз болса («Әл-Фикх-уль-Абсат» және екінші «Әл-Фикх-уль-Акбар») еңбектерді Әбу Ханифаға телу дұрыс болмайтыны айтпаса да түсінікті. Дегенмен  бұл еңбектердің Әбу Ханифанікі ме, жоқ па бір Аллаға ғана аян.


Ал, Хаммад жеткізген бірінші  «Әл-Фикх-уль-Акбар» кітабының тізбегі сенімді болғандықтан Әбу Ханифаның кітабы деп анық айта аламыз.


Сайтқа дайындаған: Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары