Center Image
IHSAN.KZ
Саранда футболдан «Бірлігіміз жарасқан» атты достық турнирі өтті
Саранда футболдан «Бірлігіміз жарасқан»  атты достық турнирі өтті

   Қарағанды облысы Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті рамазан айының құрметіне «Бірлігіміз жарасқан» атты футболдан достық турнир өтті. 

Сайысқа облысқа  қарасты Абай, Қарабас, Шахан, Ақтас кенті мешітінің және Саран мешітінің жамағаттарынан төрт комманда қатысты. 

Турнир барысында Саран мешітінің имамы Саликов Мұхаммедқали қажы жастарға «Бірлік пен ынтымақ» тақырыбы аясында насихат айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сегіз комманда қатысқан сайыс тартысты өтіп, «Муаззин» командасы бірінші орынды иеленді. Саран мешіті коммандасы екінші орынды қанжығасына байласа, кезекті үшінші орын «Көк бөрі» коммандасына тиесілі болды.

 Жүлделі орын алған коммандалар және үздік ойын көрсете білген ойыншыларға арнайы сый-сыяпаттар табысталды.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz