Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды
«Әнет баба» мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды

   Бүгін – Жаратушы Иеміздің өзі «Мың айдан да қайырлы» деп ұлықтаған қасиетті Қадір түні. Теңдессіз түннің мейірімінен үміт еткен мұсылман үмметі бұл түнді мейлінше мешітте өткізіп, жамағатпен бірге намаз оқып, аз уақытты руханиятқа сусындап өткізуді көздейді. Бұл түні Қарағанды облысына қарасты құлшылық ордалары жамағатқа лық толады.

Мыңдаған мұсылман жамағаты бір үйдің баласындай бірлікпен сап түзеп, тарауих намазын оқып болғасын  Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде рамазан айы бойы тарауық намазын өткізген қари қасиетті Құранды хатым етіп, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы хатым дұғасын жасады. 

Еліміз  бен жеріміз үшін Жаратқаннан жарылқау тіледі. Одан кейін, облыс бас имамы бір ай бойы тарауық намазын өткізіп, Құранды хатым еткен қари Сабыржан Мұхаммед Аюбжанұлына құрмет танытып, алғысын білдірді. 

Қарағанды облыстық мешітінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz